Путин мен Лукашенко хоккейден жолдастық кездесу өткізді

cover

29 желтоқсан күні Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың қатысуымен хоккейден кездесу өтті.

Екі мемлекет басшылары бір команда сапында ойнап, қарсыласын 18:7 есебімен ұтты. Rsport.ru мәліметіне сәйкес, кездесу нәтижесінде Ресей басшысы жеті гол соқса, белорусиялық әріптесі екі гол соқты.

Екі команданың құрамында бұрынғы кеңестік хоккей жұлдыздары болды – мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Фетисов, Ресей ұлттық хоккей командасының бас менеджері Илья Ковальчук, Түнгі хоккей лигасының бас директоры Алексей Касатонов және басқалар бар.

Айта кетейік, мұз айдынына Беларусь президентінің ұлы Николай Лукашенко да шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар