Премьер-министр тас жолды тексеруге тікұшақпен келгені үшін сынға алынды

cover Фото: Ақ Жайық

21 қазан ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына тас жолды тексеруге ресми іс сапармен барған.

Бұл туралы Orda.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап хабарлады.

Мамин Ақтөбе – Атырау – Астрахан тас жолын жаңғырту жұмыстарын тексеруге көлікпен емес, тікұшақпен ұшып барған.

Оған дәлел – премьер-министрді көліктер кортежі күтіп алмаған.

Асқар Мамин Атырау халықаралық әуежайынан бірден тікұшаққа отырып, тексеріс орнына барған.

Сондай-ақ, премьер-министрдің баспасөз қызметінің қызметкері Темірлан Жабаев тас жолды жаңғырту жұмыстарындағы тексеріс нәтижесімен бөлісе алмады.

Бұған дейін Асқар Мамин 14 қазан Атырауға келіп, бірқатар жаңа нысандармен танысуы тиіс еді. Бірақ оның жоспарлары өзгеріп кеткен. Жергілікті компаниялар құр бекер тексеріске дайындалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар