Полиция қызметкерлері Зайсан көлінен браконьерлерді ұстады

cover

ШҚО-да полиция браконьерлерді ұстады. Ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

ШҚО көлдерінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы мен табиғатты заңсыз пайдалануға бақылау күшейтіліп,  рейдтер жүргізілуде.

– Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 280-нен астам әкімшілік бұзушылық анықталды, сондай-ақ рейд барысында төрт браконьер ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп жазды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Зайсан көлінің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Дәл сол күні Алтай ауданының 33 жастағы тұрғынының көлігінің жүксалғышынан заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар