Петропавлда әйелін ұрған ер адам сотталды

cover Фото: polisia.kz

Петропавлда әйелін ұрып-соққан ер адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, ол сот үкімімен 25 тәулікке қамауға алынды. Жаңа ережелерге сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты әрекеттер енді қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралған жағдайлар қазір қылмыстық сипатқа ие саналады. 

Шілде айында Петропавл тұрғыны полицияға жолдасының мас болып оған қол көтергенін хабарлаған. Ер адам әйелінің басы, иығы мен жамбасына бірнеше рет соққы жасаған. Бұған дейін де ол отбасылық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Учаскелік полиция инспекторлары қажетті материалдарды жинап, қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар