Перизат Қайраттың алаяқтықпен жиған мүлкі аукционға шығарылады
Коллаж Orda.kz
10 жылға сотталған Перизат Қайраттың ауыз толтырып элита деуге тұратын пәтерлері, қымбат көліктері мен бренд әшекей бұйымдары ашық саудаға шығарылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Саудадан түскен қаражат зардап шеккендердің шығынын өтеуге бағытталады. Айта кетейік, жалпы келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.
Сонымен қатар, қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистерге сот процесі кезінде Перизат Қайрат атаған тұлғаларға қатысты іс жүргізілмегенін айтты. Себебі қор қаражатын жымқырған басқа тұлғалар анықталмады.
«Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған өзге тұлғалар анықталған жоқ. Сот үкіміне сәйкес сот орындаушылары Перизат Қайраттың мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шеккендердің шығыны өтеледі», – деді Елемесов.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. Жалпы істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған.
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды