Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр

cover Коллаж: Orda.kz

Перизат Қайрат түрмеде қолына сыпырғы алып тазалаушы болып жұмыс істеп жүр деп хабарлайды Orda.kz. 

Үшінші кассациялық сотқа дайындалып жатқан Перизат Қайрат түрмеде жұмысқа орналасқан.  Қайрат енді колонияның тазалығына жауап беретін жандардың бірі. 

«Сотталған әйел сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол мекемеде жұмысқа орналастырылып, қызметтік бөлмелерді тазалау жұмыстарын жүргізеді»,  деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.  

Айта кетейік, «Біз біргеміз» қайырымдылық қорын ашқан Перизат Қайрат шілде айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар