Павлодарда көше атауларын өзгерту неліктен шуға айналды

cover

Павлодар облысында көше аттарын өзгертуге байланысты жанжал әлі де жалғасуда. Облыс орталығындағы наразылық тоқтағанда, қала маңындағы Павлодарское ауылының тұрғындары наразылық білдіре бастады. Мұнда да 30 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Әзірге үйлерде ескі атаулар жазылған тақтайшалар тұр. Оларды жаңаларына ауыстырмас бұрын, билік заңда қарастырылған бірқатар рәсімдерді жүргізеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде белсенділер жерлестерін шетте қалмауға және ескі атауларды қорғауға шақырады. Біреу бюджеттік ақшаны жаңа планшеттерге және құжаттарды қайта тіркеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ деп санайды, ал біреулер үшін жаңа атаулар, керісінше, өте қолайлы болып көрінеді.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары жаңа атауларға дауыс берді. Нәтижесінде 23 көшеге қазақтың көрнекті қайраткерлерінің есімдері берілді. Тағы жетеуі кейінірек қайта қаралады.

Orda.kz қазір облыс орталығында жаңа атаулар неліктен наразылық тудырғанын біліп, көше аттарын өзгерту әрекеті қалай жанжалға айналғанын түсінуге тырысты.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстар көп болғанын айтады. Бірақ олардың бәрі бірдей нормаларға сәйкес келмеген.

— Біз идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыруды қарастырдық. Ұсынылған атаулардың әрқайсысы үлкен мәнге ие. Мен педагог ретінде көшелерге Рафига Нұртазина мен Алма Әжібаеваның есімдері берілетінін мақтан тұтамын, олар біздің көпшілігіміз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі болды!

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Профессор Айман Зейнулина да көшелердің атауын өзгерту туралы шешімді құптайды. Оның айтуынша, тарихи әділдікті қалпына келтіретін уақыт келді. Өйткені отаршылдық әсерінен қазақтың байырғы атаулары өзгеріп, адамдар қуғын-сүргінге ұшыраған.

— Қазақ халқының тарихи шежіресі орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел қайта жанданды. Ертіс-Баян аймағы дарындылар мен көрнекті тұлғаларға бай. Олардың есімдерін сақтап қалу және олар туралы естеліктерді болашақ ұрпаққа жеткізу - біздің басты парызымыз. Оларды көше, ауыл, қала атауларымен атай отырып, біз жадымызға құрмет көрсетеміз.

Айман Зейнулина қоғамдық тыңдауларға қуана қатысқанын айтты. Оның пікірінше, бәрі түсінікті, мәдениетті және айқын өтті. Профессор әлеуметтік желілерде шу туғызғандарды түсінбейді:

Бұл адамдар қазақ тарихын білгісі келмейді! Өздері өмір сүріп жатқан және барлық игіліктерін пайдаланып отырған Отанының тәуелсіздігін мойындағысы келмейді. Сондықтан олардың ойлау тәсілі мен іс-әрекеті жалпыға түсініксіз.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Журналист Евгений Шультайс мүлдем басқа ұстанымға ие. Оның пікірінше, көшелерді қайта атау бойынша тыңдаулар билік пен қайта атауды жақтаушылардың ашық әңгімелесуден қорқатынын көрсеткен.

— Мен көше атауын өзгертуге қарсы емеспін, бірақ Набережная, Лесная, Парковая немесе Мира көшелерінің аты неліктен өзгертілгенін түсінбедім? Оларды аудару мүмкін емес пе еді? Неліктен көшелердің атын жаппай өзгерту керек? Тізімді кім растады? Неге мұндай асығыс?

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Алайда, неге ешкім бұл идея туралы қала тұрғындарына айтуға тырыспады?, - деп таң қалды журналист.

— Құрманғазы, Қошқарбаев, Момышұлы деген көше атаулары өте жақсы. Бірақ Тәуелсіздік мерейтойында біз неге көшеге «Тәуелсіздік» атауын бермедік? Мен кеңестік функционерлер мен идеологтардың аттарын көрдім. Менің ойымша, өткен жолғы жақсы атаулардың бірі – Жібек жолы. Мен балама пікірді әрдайым тыңдағысы келмейтін билікке таңым бар. Қоғамда әлі күнге дейін талқылау мәдениеті жоқ. Жанжал осыдан.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Ақын Арман Қани пікірталасқа қатысуға ниет білдіргендердің бәрі бірдей қатыса алмайтындығына тоқталды.

— Айтпақшы, павлодарлық ақын, Еңбек ардагері Константин Лунин сияқты орыс ұлтының қанша алып тұлғалары бар. Көше атауларын өзгерту — қалыпты процесс. Бірақ халықты ешкім тыңдап жатқан жоқ.

Павлодарда 335 көшенің тек 62-сі қазақша. Енді бұл тізімге тағы 30-ы қосылады. Қалай болғанда да, бір нәрсені сеніммен айтуға болады: қоғамдық ұйымдар мен қаланың құрметті азаматтарының ұсыныстары бойынша шешім шығарған қалалық мәслихат депутаттарына әлеуметтік желілердегі ешбір топ әсер ете алмайды!

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Қоғам қайраткері Рафаэль Мұхамеджанов басқа көзқарасты ұстанады. Көшелердің атауын өзгерту-бұл қоғамдағы мемлекеттік деңгейдегі өзгерістердің салдары. Қазір геолокация тұрғысынан атаулары жаңарған көшелерді реттеу қажет, - деп есептейді ол.

— Мен Павлодарда туып-өстім, ескі атауларға үйреніп қалғанмын. Өзгерістер неліктен сонша ауқымды? Міне, мына көше — 1 Мамыр, бұл еңбекшілердің, бейбітшіліктің, Қазақстан халқы бірлігінің мерекесі. Бұл кімге кедергі болды? Меніңше, қазір көшелердің атын өзгерту туралы ойланудың қажеті жоқ. Күн тәртібінде басқа да көптеген мәселелер бар. Мысалы, коронавирус жағдайы.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Филолог Найлю Анафинді Павлодардың жүздеген көшелерінің ішінде қазақ атауларының тек 62-сі ғана бар екендігі таң қалдырды.

— Ойлаңыз! Тіпті жарты емес, қырық емес, отыз емес, тек жиырма пайыз! Отыз көшенің атын өзгерткілері келеді екен. Онда тұрған не бар? Ал тұрғындар болса әлеуметтік желіде көше аттарын өзгертпесін деп түрлі сылтаулар айтуда. Ресейдің күмәнді порталдары Ресейдің қазақтар көп тұратын аудандарында көше тұрмақ, тіпті қазақ мектептерінің жоқ екенін ескермейді. Демеушілер тақтайшалар жасауды өз мойнына алатынын түсіндірді. Қандай шығын бар?

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Павлодар қаласының тұрғыны Айжан Өміржанова кейбір көшелердің, мысалы, Юннатов немесе Цветочная көшелерінің атауларында қаламен ешқандай байланыс жоқ деп есептейді. Ол кісінің ойынша көшеге өмірін елімізге және Тәуелсіздіктің қалыптасуына арнаған ағартушылардың, ақындардың және басқа да адамдардың есімдерін беру керек.

— Қайта атау рәсімінің кемшілігі халыққа ХҚКО-да құжаттарды өзгерту үшін кезекте тұруға тура келеді. Ал пандемия кезінде мемлекеттік органдар тарапынан бұл асығыс шешім деп ойлаймын. Меніңше, осындай сенімділікпен вакциналау процесін жүргізу керек еді. Пайдасы көбірек болар еді.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Азаматтық белсенді Евгений Хабаров жалпы қалалық мәселені талқылау кезінде дәлелдердің орнына айыптау мен қорлау естіле бастағанына таң қалды.

— Дауласушы адамдар бір-бірінің этникалық тегін талқылай бастады. Әлеуметтік желілердегі жанжалдың тамыры әкімдіктің қоғамдық тыңдауларды өткізу регламентін сақтамауында. Нәтижесінде, қызығушылық танытқан қоғам өкілдері маңызды мәселе бойынша өз пікірлерін білдіру мүмкіндігінен айрылды.

Қазір тараптар ымыраға келуі керек. Тыңдауды қайта өткізіп, сөйлегісі келетіндердің дәлелдерін тыңдауға болады. Егер негіздеме болса, мен көше атауын өзгертуге қарсы емеспін. Менің ойымша, бұл жұмысты жүргізу керек, бірақ сонымен бірге аймақта атау өзгертуден басқа да маңызды проблемалар барын үсіну керек.

Не хотят знать историю: в Павлодаре ссорятся из-за переименования улиц

Авторы: Елена Гаркава
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар