Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секірген әйел ауруханадан шықты
Фото: Бейнеден кадр
Көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырған Павлодар тұрғыны ауруханадан шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Терезеден секірген 33 жастағы әйелдің жағдайы жақсарып, ауруханадан шықты. Ол 1,5 және 7 жастағы екі ұлын бесінші қабаттың кіреберіс терезесінен лақтырып жіберіп, кейін өзі секірген еді. Қайғылы оқиға шілде айында көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген мектеп оқушыларының көз алдында болды. Балалар алдымен әйелдің үлкен ұлын терезеден итеріп жібергенін, содан кейін кішісін лақтырғанын, сосын өзі секіргенін көрді. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, науқастар ауруханаға жеткізілді.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер әйелдің бір жарым жастағы баласының өмірі үшін күресті. Сәби ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, кейін баланы жансақтау бөліміне ауыстырды. Баланың ішкі ағзалары мен миы жарақаттанған еді.
Өкінішке қарай, кішкентай бала 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Ал әйелдің үлкен ұлы 14 тамыз күні емделіп шықты.
Айта кетейік, Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам шартты жазамен босап шықты.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан