Парижде алғаш рет қазақ-қырғыз айтысы өтеді
Фото: Бейнеден кадр
Қырғызстанның Жоғарғы кеңес отырысында Парижде қазақ-қырғыз айтысы өтетіні айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы депутат Мирлан Самықожа мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, бүгін-ертең қырғыз ақындары Парижге аттанады екен.
«Ақындардың ауызша айтысын әріптесіміз Шайырбек Ташиевпен бірге ұйымдастырамыз. Елші Садық Шер-Ниязбен бірге мәдениетімізге тарихи үлес қосқымыз келеді. Қырғыз тілі бүкіл әлемде шырқалады. Ақындар қазақ-қырғыз достығы туралы айтысатын болады», — деді Мирлан Самықожа.
«Манас» театрының мәліметінше, қазақ-қырғыз халықаралық айтысы 17 мамырда Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінің залында өтеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінде Астанада көшпенділер ойындарындағы көкпар турнирінің финалында Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары арасында төбелес шыққан еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран