Пapиж Oлимпиaдacынa спортшылармен бірге 21 журналист барады

cover Фото: Pexels

Фpaнция acтaнacы Пapиж қaлacындa өтeтiн XXXIII Жaзғы Oлимпиaдa oйындapынa 21 қaзaқcтaндық жypнaлиcт тiкeлeй xaбap тapатуға барады.

Бұл туралы туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп хабарлады.

«Биылғы Олимпиада ойындарында Париж қаласынан тікелей 21 журналист хабар тарататын болады. Оның ішінде сегіз журналист ресми түрде ХОК тарапынан акредитация алды. Осылайша Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасына арнайы 8 журналист апарады. Сонымен қатар Олимпиада ойындарын Қазақстанда заңды көрсету құқығын иеленген бес отандық телеарнадан тағы 11 журналист аттанады. Қазақстаннан жалпы Париж Олимпиадасынан тікелей хабар таратуға 19 журналист барады. Сондай-ақ, бұл тізімге Франция мен Германия елінде тұратын «Хабар-24» телеарнасының екі меншікті тілшісі қосылуы керек. Бір-екі күнде бұл сұрақтар да шешімін табады деген сенімдеміз. Осылайша Париж Олимпиадасынан жалпы 21 журналист хабар таратады»,- деді министрдің кеңесшісі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар