Өскеменде айғақтарды бұрмалаған полицей сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Полицей Өскемен тұрғындарының бірінің үстінен төрт жалған хаттама толтырды. Ол құқықбұзушылықтарды ашу бойынша статистиканы көбейткісі келіп, жалған құжаттарды рәсімдеген, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Өскемен сотында патрульдік полиция батальонының инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 416-бабының 2-бөлігімен (лауазымды адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау) кінәлі деп танылып, оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, оған үш жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар