Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов тағы ұсталды

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Бұған дейін Қазақстанда православие шіркеуін құруға тырысқаны үшін қысым көргенін хабарлаған орыс православие шіркеуінің бұрынғы діни қызметкері Иаков Воронцов әкімшілік қамауға алынғаннан кейін бүгін тағы да ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Оған есірткі заттары бар притон ұйымдастырды немесе ұстады деген айып тағылған.

«Оның ұсталғаны туралы хаттама толтырылды. Оған ҚР ҚК-нің 302-бабы («Есірткі заттарын тұтынатын притонды ұйымдастыру немесе ұстау») және ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану») бойынша айып тағылып отыр», деп мәлімдеді Ғалым Нұрпейісов.

Айта кетейік, бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцов бұған дейін де ұсталған болатын. Ол Украинадағы соғысқа қарсы мәлімдемелерімен және Ресей православ шіркеуін үнемі сынайтынымен танымал.

Адвокаттың хабарлауынша, 23 ақпанда таңертең Воронцовты 72 сағатқа қамауға алған. Бұл жолы күдікті ретінде өтіп жатқан қылмыстық іс аясында 72 сағат ішінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы процестік шешім қабылдануы тиіс.

Оқи отырыңыз:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар