Орынборда қазақстандық зейнеткер полицейлерді ұрғаны үшін қамалды

cover Фото: freepik.com

Орынбор облысында 74 жастағы Қазақстан азаматы әуежайда екі полицейге шабуыл жасады. Зейнеткер екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сот мәліметінше, әйел қызына бармақшы болып әуежайға келген. Қол жүгін тексеру барысында одан бес литрлік май құтысы табылған. Жүк тасымалдау ережелері түсіндірілгеннен кейін әйел ашуға мініп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолданған.

Жасының үлкендігін ескере отырып, сот бастапқыда кепіл немесе үйқамақ сияқты балама бұлтартпау шараларын қарастырған. Алайда, уақытша ұстау изоляторынан алынған мінездемелер оның тәртіп нормаларын сақтағысы келмейтінін анықтады. 

«Жеке басына қатысты деректер мен тергеуден жалтару қаупін ескере отырып, сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», деп хабарлады аудандық сот.

Айта кетейік, Шымкентте аудандық полиция басқармасының бастығы ұсталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар