Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран

cover Фото: freepik.com

Иран қарулы күштері Ормуз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластары мен олардың серіктестеріне мұнай экспорттауға жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Сардар Наини айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сардар Наини Tasnim агенттігіне сұхбат берді. Оның сөзінше, АҚШ әскері мен Израильдің Иран халқына және ел инфрақұрылымына қарсы агрессиясы жалғаса беретін болса, Иран қарулы күштері аймақтан мұнайдың бір литрін де шығаруға рұқсат бермейді.

Оның айтуынша, ирандық зымырандар мен дрондардан төнген қауіпке байланысты америкалық кемелер мен ұшақтар Ираннан 1000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар АҚШ пен Израиль әскери күштері аймақтағы қалалар мен қонақүйлерде жасырынуға мәжбүр болған.

Иран қарулы күштері «қақтығыстың қашан аяқталатынын өздері анықтайтынын» мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізуге кедергі келтірсе, Иранға жасалатын соққылардың қарқынын 20 есеге дейін арттыруы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар