Оралда 950 млн теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр

cover Фото: Медет Медресов

Орал қаласында 7 жыл бұрын салынған мектеп қабырғасының кірпіштері сынып, құлап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап. 

Орал қаласында 2017 жылы 950 млн теңгеге салынған №4 мектептің қабырғасының кірпіштері жерге құлап жатқан көрінеді. 

Оқу орнының директоры Жанаргүл Аймұрзина мектеп құрылысын салған «Альтаир» компаниясы екенін айтты.

«Бұған ауа-райы әсер еткен болуы мүмкін. Үнемі ылғалды ауа райы. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіш құлаған жерлерге арнайы таспалар қойылды. Сондай-ақ, қызметкерлер  балалардың қауіпті аумақтарға жақындамауын қадағалап отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына сараптама жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді мектеп директоры.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар