Оңтүстік Кореяның президенті қамаудан босатылды

cover Фото: Оңтүстік Корея президентінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёльді қамаудан босатты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот оның тұтқындалуын жою туралы өтінішін қанағаттандырды. Сонымен қатар, сот 2023 жылғы желтоқсанда әскери жағдай енгізу ісі бойынша тағылған айыпты заңсыз деп таныды.

Yonhap мәліметінше, Юн өткен айда Сеулдің Орталық аудандық сотына өтініш берген. Ол өз тұтқындалуын негізсіз деп атады.

Ол Оңтүстік Кореяның тұтқындалған алғашқы президенті. Желтоқсан айының басында Юн елде әскери жағдай енгізуге тырысты. Кейін парламент оны бүлік шығарды деп айыптап, импичмент жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар