Оңтүстік Корея президентінің импичментінен кейін Сеулде митингілер басталды
Фото: reuters
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёлдің жақтастары 5 сәуірде Конституциялық соттың импичмент туралы шешіміне келіспейтінін білдіру үшін митингіге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Адамдар Юнды дереу бұрынғы қызметіне қайтаруды талап етті, деп жазады Yonhap.
«Консерваторлық топтардың мыңдаған өкілдері Сеул орталығындағы Кванхвамун алаңына Конституциялық сот шешім шығарған күннің ертесі жиналды. Полицияның бағалауынша, сенбілік акцияға 18 мыңға жуық адам қатысты» деп жазылған агенттік хабарламасында.
Наразылықта: «Импичмент - бұл алаяқтық» және «Конституциялық сот таратылсын» деген ұрандар айтылды. Олар сондай-ақ оппозициялық қайраткерлерді еске ала отырып, «мемлекетке қарсы күштерді жоюға» шақырды.
Қатысушылардың бірі жұртшылық «қарсылық көрсету құқығын пайдалануы» және 60 күн ішінде өтетін кезектен тыс сайлауға бойкот жариялауы тиіс деп мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяда Конституциялық сотының ел президенті импичментін бекіткені туралы 4 сәуірде хабарланды. Ол қызметінен шеттетілді. Президенттік сайлау 60 күн ішінде өтуі тиіс. Олар 2025 жылдың 3 маусымында өтеді деп күтілуде.
2024 жылдың 5 желтоқсаны күні полиция президент Юн Сок Ёльді төтенше жағдай жариялағанына байланысты мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады. Оңтүстік Корея президенті 3 желтоқсанда әскери төтенше жағдай енгізген болатын. Алайда 190 депутат бұл шешімге қарсы дауыс беріп, 6 сағатқа жетпей оны алып тастауға мәжбүр болды.
Наурыз айында Сеул аудандық соты қамауда отырған Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёлді тұтқындау туралы шешімнің күшін жойып, оны сот залында босатты.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің енесі жалған банк құжатын жасағаны үшін ұсталған болатын.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?