Өңірлерде қымбатшылық: Отандық өндіріс импорттық өнімнің көлеңкесінде
Коллаж: abai.kz
Баға өсімі бойынша алдыңғы орында Қарағанды, Ақмола облыстары және Ұлытау өңірлері. Үкіметтің хабарлауынша, негізгі өсім коммуналдық қызметтерге, көлікке және денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қатысты тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызға дейін жеделдеді (шілде айында – 11,8 пайыз болған). Ең көп баға өсімі мына өңірлерде байқалды:
- Қарағанды облысы – 14,4 %
- Ұлытау облысы – 13,6 %
- Ақмола облысы – 13 %
- Атырау облысы – 12,8 %
- Солтүстік Қазақстан облысы – 12,6 %
- Ақтөбе облысы – 12,5 %
- Батыс Қазақстан облысы – 12,4 %
- Астана қаласы – 12,8 %
- Алматы қаласы – 12,7 %
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, азық-түлік инфляциясына айтарлықтай әсер етіп отырған – импорттық өнімдер азық-түлік тауарлары құрылымының 23–27 пайызын құрайды. Азық-түлік бағасының өсуін төмендету үшін импортты алмастыру бағдарламаларын күшейту ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорларындағы қорын қалай бақылауға алатынын мәлімдеді.
«Ең алдымен, қоймалар мен қорлар туралы алғашқы деректер базасы құрылады. Кейін қоймаларға нақты уақыт режимінде көрсетілетін бейнебақылау жүйесі орнатылады, бұл жүйе Ұлттық тауарларды қадағалау жүйесінің мобильді қосымшасына біріктіріледі. Соңында, тауар өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылау үшін электрондық шот-фактуралар мен фискалдық деректер операторларының ақпараттары талданатын болады».
Осының бәрі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді деген үміт бар.
Коммуналдық қызмет бағасы демекші, ауылдық жерлерде халықтың көп бөлігі әлі де көмірмен жылынып отырғанын ұмытпаған жөн. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында көмірдің тоннасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% -ға қымбаттады.
Халық бес жылдан бері табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсап отыр. Сарапшылар Қазақстан халқының кірістері мен шығыстары жөніндегі статистиканы зерттеп, елімізде азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі әлем бойынша ең жоғары деңгейде екенін анықтады.
Біз Қазақстан экономикасы Ресей мен Қытайдан озды деп мақтанамыз. Онда неге жұрт байып кеткен жоқ?
Тіпті жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен көмек көрсетілмеуі мүмкін екенін де ескертті.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?