«Өмір үшін бір ай күресті»: Ақтөбеде көлік қаққан 7 жастағы қыз қайтыс болды
Фото: freepik.com
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен 7 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 25 қазанға қараған түні «Қоныс» спорт кешенінің жанында болған. Полицияның хабарлауынша, Chevrolet жүргізушісі қызды жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда қағып кеткен. Содан кейін көлік тағы үш көлікке соқтығысқан.
Оқушыны алдымен жақын жердегі ауруханаға алып барған. Кейін дәрігерлер ауыр жарақат алған қызды облыстық балалар ауруханасына жатқызды. Қыз жансақтау бөлімінде жасанды желдету аппаратымен дем алды. Өкінішке қарай, ол өмір үшін бір айға жуық уақыт күресіп, ақыры қайтыс болды.
Айта кетейік, Астанада ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел мәлімдеме жасап, тергеудің әділ өтуін талап етті.
Жаңалықтар
- Бішкекте хиджаб киюден бас тартқан қызға ата-анасы қорлық көрсетті
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Учаскелік инспектордың үстінен іс қозғалды
- Никол Пашинян қазақ әнімен бейнежазба жариялады
- Маңғыстау тұрғыны полицияның көзінше өзін өртемек болды
- «Үйіне арнайы барған»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына көңіл айтты
- «Алғабастағы алапат өрт»: Аман қалған тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
- Жұмысқа жарамды адамды мемлекет асырамайды – Бектенов
- «Сарбаздар өліп жатыр ма? Не айтып тұрсыз!»: қорғаныс министрі неге таңқалды?
- Қазақстан дрондарды атып түсіруге дайындалып жатыр
- «Ешқандай медаль оны қайтарып бере алмайды»: Марқұм фельдшердің күйеуі тергеудің әділ өтуін талап етті
- Әнші Абай Бегейдің қызы жазадан құтылды
- Тоқаев Ерлан Қаринмен кездесті
- Сенатқа үш жылдық бюджет туралы заңдар ұнамады: Құжат мәжіліске қайтарылды
- Түркістанда жекеменшік мектептердің мұғалімдері жарты жыл бойы айлық алмады
- Путинге қарасты кеңес «Северный Казах» бойынша Қазақстанға үндеу жібермек
- «5 жыл бұрын жоғалған»: Астаналық ер адамды іздеп тапқан адамға сыйақы беріледі
- «Өмір үшін бір ай күресті»: Ақтөбеде көлік қаққан 7 жастағы қыз қайтыс болды
- Дикий Арман және Қанды қаңтар ісі: Тағы да 29 адамға үкім шықты
- Бейтаныс ер адам үйіне қайтып бара жатқан қыздың басын таспен ұрып, қан-жоса етті
- Астанада 23 мыңнан астам адам тұмау жұқтырды: Қалада шараларға шектеулер қойылды