Олимпиадада жарқырайтын теннисшілер құрамы

cover Фото:olimpic.kz

Олимпиада 2024 аясында теннис жарысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін румыниялық Кристиана Жаклинге қарсы өткізеді. Юлия Путинцеваның бірінші қарсыласы украиналық Марта Костюк болмақ.  

Александр Бубликке стартта Тейлор Фриц (АҚШ), ал Александр Шевченкоға чехиялық Якуб Меншик қарсы шығады. 

Жұптық сайыс бойынша жеребенің нәтижесі төмендегідей: Александр Бублик/Александр Недовесов (Қазақстан) – Алексей Попырин/Алекс Де Минаур (Австралия).

Orda.kz сайты спортшыларымызға сәттілік тілейді !

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар