Олимпиада-2026: Софья Самоделкина елдік көрсеткішті көтерді

cover

 Софья Самоделкина елдік көрсеткіш бойынша жаңа рекорд жаңартты



Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жеке мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті.



Мұз айдынына 13-болып шыққан отандасымыз еркін бағдарламасын сәтті орындап, 138.99 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша ол 207.46 ұпай еншілеп, жалпы есепте 10-сатыға тұрақтады. Бұл — оның спорттық жолындағы жаңа жеке рекорды.



Бұған дейінгі ең жоғары нәтижесін Софья 2021 жылы тіркеген еді (205.67 ұпай).




Жүлдегерлер:




1️⃣ Алиса Лю (АҚШ) — 226.79 ұпай (жеке рекорды)

2️⃣ Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай

3️⃣ Ами Накаи (Жапония) — 219.16 ұпай



10️⃣ Софья Самоделкина — 207.46 ұпай



Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында Қазақстан атынан әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда бұған дейін тек Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова (2018 жыл) өнер көрсеткен болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар