«Өлім жазасы»: Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мукасеваның өлімі қоғамды дүр сілкіндірді
Коллаж: Orda.kz
27 қыркүйекте Қырғызстанда 41 жастағы ер адам аса қатыгездікпен 17 жастағы Айсулуу Мукасеваны өлтірген болатын. Қазір осы іске қатысты тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Бұл істі президент Садыр Жапаров жеке бақылауға алып, өлім жазасын қайта енгізу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бұрын істі болған»
Оқиға 27 қыркүйекте болған.
Ыстықкөл облысының Барскоон ауылынан шыққан Айсулуу Қараколдағы құрбысына бармақ болып, жолай көлікке отырған. Алайда жүргізуші, 41 жастағы ер адам қызды зорлап, кейін 60 шақырым жерге апарып өлтірген. Күдіктінің бұрын сотталғаны белгілі болды, ол қазір тергеу изоляторында отыр. Оны Бішкек қаласында ұстаған. Айыпты қылмысын мойындады.
Марқұмның туыстарының сөзінше бұрын бұл азамат кісі зорлап, өлтірмек болғаны үшін істі болып, артынша жазадан құтылып кеткен.
Жерлеу рәсімі және халықтың талабы
30 қыркүйекте жақындары Айсулууды жер қойнына тапсырды. Қыздың туыстары әділдік талап етіп, жазаны қатаңдатуды сұрады.
Ыстықкөл облысы Барскоон ауылының тұрғындары митинг ұйымдастырып, «ондайларды түрме түзетпейтінін» айтып, өлім жазасын талап етті.
«Біз, Барскоон елі, шешім шығардық. Бұл шешімді қалай қабылдайсыңдар, білмейміз. Бірақ біз осы шешімді тура деп шештік. Өйткені мұндай оқиғалар Барскоонда бірнеше жыл бойы болып келеді. Жасы кіші қыздарды зорлады, жасы кіші ұлдарды зорлады. Мұндай оқиғалар көп болып кетті. Сондықтан Садыр Жапаровтан, депутаттардың төрағасынан осындай педофилдерге өлім жазасын беруін сұраймыз», — деді тұрғындар.
Тіпті қылмыскердің анасы ұлын жазалауға келісті.
«Менің қазір айтарға сөзім жоқ. Бірдеңе деу қиын. Бұл қызды аяп, жүрегім ауырады. Қыздың әке-шешесі сұраған ең ауыр жазаны сұраймын. Басқаша жол жоқ», — деді айыптының анасы.
Дегенмен халық әлі наразылық білдіріп жатыр. Бүгін футбол матчына келгендер Айсулууға арнап плакат ұстап тұрды.

Өлім жазасын енгізу туралы шешімге Біріккен Ұлттар Ұйымы қырын қарап отыр. Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі кеңсе БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің мәлімдемесін жариялады. Ол «2025 жылы өлім жазасына орын жоқ» екенін айтты. Тюрктің сөзіне қарағанда, мұндай шара қылмыстың алдын алуда өз тиімділігін дәлелдей алған жоқ.
«Қоғамды қорғаудың жолы — жазалау емес, берік институттар мен есеп беретін билік арқылы жүзеге асады», — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі.
Айта кетейік, марқұмның жездесін полиция ұстаған болатын. Онысызда наразы болған ел үшін бұл «отқа май құйғандай» болды.
Өзін марқұмның ағасымын деп таныстырған ер адам «қызды өзіміз іздедік» деп мәлімдегеннен кейін, 1 қазанда «жалған ақпарат таратты» деген айыппен ұсталды. Полиция оны туысы емес десе, Айсулуудың әпкесі оның жездесі екенін растады.
Президенттің мәлімдемесі
Қоғамда резонанс күшейген соң, Садыр Жапаров істі өз бақылауына алды. Ол заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды. Президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагозовтың айтуынша, балаларды зорлағандарға және әйелдерді зорлап өлтіргендерге өлім жазасын енгізу қарастырылып жатыр.
Қырғызстанда өлім жазасы 2007 жылы ресми түрде тоқтатылып, орнына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілген. Дегенмен, бұл тақырып елде жиі көтеріледі. 2023 жылы да өлім жазасын қайтару жөнінде бастама болған. Ал халықаралық WPS (Women, Peace and Security) индексі бойынша, Қырғызстан екі мәрте Орталық Азиядағы әйелдер үшін ең қауіпті ел деп танылды.
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі
- Туысын жұмысқа алса өзі қызметтен кетеді: Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің міндетін қатаңдатты
- Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушы жүкті болып қалды: Іс қозғалды
- Telegram бұғаттала ма? Роскомнадзор нақты жауап бермеді
- Тоқаев Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты түрде қарсы алды
- Қытайда 16 интернет-алаяқ өлім жазасына кесілді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға 184 мың оқушы қатысады
- Күш қолданып қорқытқан: СҚО-да пайызға қарыз беріп, қаражатын екі еселеп алатын күдікті ұсталды
- Щучинскідегі 7 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Пәкістан Ауғанстандағы тәліптерге «ашық соғыс» ашты
- Бұрынғы әкім Амалбек Тшановтың туысы не үшін ұсталды?
- Астанада 8 наурызға орай әйелдерге берілетін ақшалай төлемді кімдер алады?
- Наурыздан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Щучинскідегі өрттен 7 адам қаза тауып, 20-сы зардап шекті
- Жезөкше қызметін тұтынатындар не себепті жазаға тартылмайды?
- Қазақстан Навальныйдың серіктесін Ресейге экстрадициялауды сот шешіміне қалдырды
- Ақмола облысындағы дәмханада жарылыс болды: Қаза тапқандар бар
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Алматыда 180 мың вейп тәркіленді: Іс сотқа жолданды
