Оқушы қыз аш қарынға кәмпит жеп қайтыс болды

cover Фото: pexels

Бастауыш мектепте оқитын қыз аш қарынға көп кәмпит жеп қайтыс болды.

Бұл туралы«Комсомольская Правда»  хабарлайды.

Ресейдің Новосібір облысында бастауыш мектепте оқитын қыз аш қарынға көп кәмпит жеп қайтыс болды. Анасының айтуынша қызы аш қарынға көп кәмпит жеп, артынан құсқан. Ата - анасы дереу жедел жәрдем шақырған, жедел жәрдем 20 минут ішінде келді. Дәрігерлер келгенде қыздың тынысы тоқтап қалған. Қызды дереу жансақтау бөліміне жеткізді. Бірақ көп ұзамай оқушы қыз сол жерде  қайтыс болды.

 Оны қазір тергеу комитеті тексеріп жатыр. Сарапшылар қыздың өлімінің нақты себебін анықтайды, бірақ әзірге сараптама жүргізілген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар