Оқиға қайталанды: Шәріп Серіктің бұрынғы жұбайы Say Mo актерден көрген зорлық туралы айтты
Фото: ашық дереккөздерден
Say Mo деген лақап атпен танымал әнші Мөлдір Есембек бұрынғы жұбайы, актер Шәріп Серіктен көрген зорлық-зомбылық туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Instagram парақшасында ол былай деп жазды:
«Мұндай жағдайдың тағы қайталануы өте өкінішті. Дегенмен шындықты айту керек. Оның мұндай әрекетке барғанына таңғалып отырған жоқпын», – деді Say Mo.
Әншінің айтуынша, зорлық көрсететін адамдар эгоизмге бейім келеді. Олар өз кінәсін мойындамайды және әрекеттерін дұрыс санайды. Сондықтан өздерін өзгертуге тырыспайды, себебі өзін мінсізбін деп есептейді.
«Роза ханым, шынымды айтсам, таңғалып отырған жоқпын. Ол жігіттен бес жыл бұрын небір қорлық көрдім. Әлі күнге дейін психологиялық терапия алып жүрмін. Ол кезде қолымда нақты дәлел болмаған соң, бұл тақырыпты ашық көтеруге қорықтым. Себебі анасы – адвокат. Бір жағынан мені кінәлағандар көп болды, кейбір таныстарым менен теріс айналды», – деп жазды ол.
Ол актердің «Вавилон» тұрғын үй кешенінің алдында қол көтергені есіне түскенін айтты. Алайда сол жердің бейнежазбасын ала алмағанын айтқан.
«Сол түні болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндасам, ұзақ әрі қорқынышты әңгіме болар еді. Айтайын дегенім — көп қыздар «ол маған олай жасамайды», «мен оны өзгертемін» деп ойлайды. Бірақ шындық міне, көз алдымызда тұр», – деді Say Mo.
Айта кетейік, ірі кинокомпаниялар актер Шәріп Серікпен жасалған келісімшарттарды бұзып жатыр. Аталған мәлімдемелер оның актерлік мансабына кері әсер етті. Компаниялар келісімдерді жаппай тоқтатып жатыр.
Жаңалықтар
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды