Оқулығың осал болса: баспа мысалдармен келіспейді

cover

Orda.kz сайтында жарияланған орыс, ағылшын, неміс және басқа тілді сыныптарға арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» оқулығындағы қателер туралы мақала күтпеген реакция тудырды. Әуелі оқулықты басып шығарған «Көкжиек-Горизонт» баспасының делегациясы редакцияға келді. Олар бізге қателерге назар аудартқан мектеп мұғалімінің пікірін тыңдауға, тіпті оның көзқарасын жариялауға құқығымыз жоқ екенін түсіндіруге тырысты.

Сондай-ақ баспа өкілдері Нұржан Байсақов бәсекелес баспада жұмыс істейтінін, тек осы себепті қателерді тізіп бергенін айтты. Ал журналистердің «оқулықта қателер расыменде бар ма?» деген сауалына жауап табуға бағытталған талпыныстары баспаның маңызды, күрделі және қиын қызметі туралы әңгімелермен аяқталды. Несін жасырайық, қонақтар да редакциямыздың еңбегін жоғары бағалады. Orda.kz сайты Көкжиек-Горизонт баспасы үшін танымал сайт болған, бірақ қызметкерлер қателер туралы мақаланы оқи салысымен пікірін түбегейлі өзгерткен – біз бірден ең әділ, шыншыл, қызықты БАҚ болудан қалдық.

Шынын айтсақ, біз «осындай» аудиториямызды жоғалтқымыз келмеді. Сондықтан біз оқулықтардың баспада қалай жарыққа шығатыны, оны кім жазатыны, кім және қалай өңдейтіні туралы репортаж түсірмекші болдық. Мүмкіндік болып жатса, мұғалім Байсақов көрсеткен қателер бар ма, жоқ па соны анықтаймыз деп ойладық. Екінші нұсқа да бойынша – біз сұрақтарды жібереміз, бізге жауап беріледі. Бастапқыда репортаж идеясы қонақтарға тартымды болып көрінді. Редакция түсіру тобын жинап, журналист пен операторларды баспаға жөнелтті. Бірақ, олар бес минуттан кейін қайта оралды. «Көкжиек - Горизонт» басшылығы ашық жауап беріп, киелі жерге бөтен адамдарды кіргізу ойынан айнып, «сұрақ-жауап» форматымен шектелуді жөн көрді. Осылайша, бізде тек оқулықтардағы қателерді және оларды түзету үшін не істейтінін анықтаудың жалғыз мүмкіндігі қалды.

Бірақ, белгілі болғандай, баспа үйі қателер мәселесіне аса мән бермей, өз жауаптарын БАҚ туралы заңды талдаудан бастады. Журналистер жұмысының негізгі қағидаларын да еске салды.

Көкжиек-Горизонт баспасының толық жауабын сілтемеге өтіп, оқи аласыз.

Біздің медиа қызметіміздегі ең басты дүние – объективтілік, заңдылық, айқындық, жеке өмірге, адам мен азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет, деп еске салды құрметті баспа үйі.

«Айнұр Дәрібаева объективтілік принципін бұзды» деп есептейді Көкжиек-Горизонт және олар мұны мұғалім Н.Байсақов «бәсекелес оқулықтардың авторы» деп түсіндірді.

Біз онымен сұхбаттаспай тұрып, «оның шәкірттерінің және жалпы республика бойынша қазақ тілі пәнінен білім сапасы туралы» мәлімет алуымыз керек екен. Ал анықтама ретінде білім сапасы дегеніміз – жақсы және үздік бағалардың жалпы оқушылар санына қатынасы [(«4» саны + «5» саны: оқушылар саны] деп хабарланды.

Мынандай да шағым болды: баспа өкілдері кеңсемізге келгенде, Айнұр Дәрібаева телефон арқылы сөйлесу кезінде әңгіме жазылатынын және оның мақала ретінде сайтқа шығатынын ескертпегені туралы пікірталас болды.

Orda.kz айқындық приницпін «аяқ асты» еткеніне де назар аударған жөн. Журналистің ұстаз Байсақовпен қалай танысқаны – кім кімді тапқаны түсініксіз болып кеткені баспаның ашуын келтірді. Сондай-ақ, Айнұрдың ұстазды сарапшы деп айтуы да айқындық приниципіне қайшы екенін алға тартты. Баспаның айтуынша, сарапшы тек мұғалім, өйткені мұғалімнің разрядтық кестесінде мұндай біліктілік санаты бар, ол ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен ереже негізінде беріледі. Ал журналист бұл сөздің басқа салаларға да қатысы бар деп жүр. (Сарапшы деп мақаланың орысша нұсқасында жазылған)

Жалпы, «Оқулығың осал болса, оқушыны кінәлама: қазақ тілі оқулықтарындағы қателер, жалған ақпарат пен жүйесіздік» деген мақала авторлар мен «Көкжиек-Горизонт» баспасының барлық қызметкерлерінің азаматтық құқығын сыйламайтынын дәлелдейтін сұрақтарымызға 11 бет жауап келді.

Бастама көтерген жазаға тартылады

Жасыратыны жоқ, уақыт тауып қана қоймай, қайратын қолына жинап, тілшімен тілдесіп, балаларға арналған қазақ тілі оқулықтарындағы қателердің мәнін түсіндіріп жүрген ұстаз Байсақовқа Orda.kz редакциясының алғысы шексіз.

Суретте Нұржан Байсақов

- Бірінші шыққан материалда мен оқулықтағы нақты кемшіліктерді айттым. Жеке ұстаз ретіндегі жанайқайым болатын. Менің баспаға еш арыз-шағымым жоқ. Ең басты мәселе оқулықта, жаңа сөздерді 1-2 рет немесе мүлдем қолданбайды, ал жаңа сөздерді оқушылар игеруі керек, сондықтан сабаққа қажет тапсырмалардың басым көпшілігін өзімнің құрастырып отыруыма тура келеді, - дейді ұстаз Нұржан Байсақов.

Қайталау – оқу анасы

Нұржан Байсақов оқулық авторларының бұл ережені ескермегенін дәлелдеу үшін қарапайым математикаға назар аударды.

Қолдарыңызда 7-сыныпқа арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» оқулығы болса, қайталану жиілігін тексеріп не жаңа сөздерді есте сақтауға тырысып көрсеңіздер болады.

1-2-сабақ: шет тілдер – 5; тіл курстары (тіл үйрену курстары) – 4; тілдік деңгей – 0; белсенді сөздер – 2.

3-4-сабақ: жоба жұмысы – 8.

5-6-сабақ: айбынды – 2; жауыз тағдыр – 2; бақ – 2; кең тілім – 1; ұмтылды – 1; тарады – 2.

7-8-сабақ: туыс – 2; жиен – 5; жеңге – 4; жезде – 1.

9-10-сабақ: қарым-қатынас әдебі – 3; қолға алу – 1; сөзінде тұру – 0.

10 сабаққа – 17 жаңа сөздер мен сөз тіркестері. Тексеріп көрдіңіз бе? Қанша сөз есіңізде қалды? Тәжирбе жүргізіңіз - сіз ағылшын тілін үйреніп жатырсыз деп елестетіп көріңіз және стандартты 80 минуттық сабақта сіз жаңа сөзді екі рет естісеңіз, оны есте сақтай аласыз ба?

Енді екінші сынып оқулығынан мысал келтірейік: бірінші бөлімінің тақырыбы «Өзім туралы», ал оның нәтиже сабағы «Мен не үйрендім?» - жануарларға арналған. Вундеркиндтер, есте сақтаңыздар!

Айтпақшы, «Көкжиек-Горизонтты» БАҚ туралы заңды зерделеуге мәжбүрлеген мақаламызда «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулықтарының авторы Фаузия Оразбаева бұған дейін былай деп жауап берген:

«Тақырыпты меңгеру барысында кейбір сөздер қайталауға, кейбір сөздер жаңадан игеруге ұсынылды. Тілді үйрету аясында, ең алдымен,  қолдануда жиілігі жоғары сөздер оқушының психологиялық-қызығушылық  жағдайына байланысты беріліп, меңгеріледі. Нәтиже сабақта   жиі қолданысқа түсетін, сөйлем құрауға қажеттілігі мол сөздер бекітіледі, сонда ол баланың жадында жақсы сақталады. Сондықтан оқулықта сұранысқа қажет осындай сөздер мен тіркестер таңдалып алынды. Сыныпаралық, тақырыпаралық сабақтастықты сақтау үшін күнделікті және нәтиже сабақтарда өткен материалдардың қайталануы әдістемелік тұрғыдан негізгі талап болып саналады».

Бәріне жауапты мұғалім!

- Әр мұғалім сабағын өзінше, өз бетінше құрады. Мұғалім сынып оқушыларының мүмкіндігін ескереді, қазіргі уақытта түрлі білім беру платформаларында кеңінен көрініс тапқан қосымша ресурстарды пайдаланып, сабақ сценарийін жасайды. Оқулық қай кезде де негізгі оқу құралы болған. Бола береді деп сенеміз, - деп сендірді баспа.

Егер кімде-кім білмесе, оқулық білім беру жүйесінде еш рөлі жоқ. Баспаның айтуынша, бәрі мұғалімнің қолында, ал оқушылар үшін «Лексикалық минимум» бар. Оны олар әр сабақта пайдалана алады.  Жаңа сөздер сабақтың басында беріледі. Сабақтың мақсаты ‒ мұғалімнің де мақсаты. Сондықтан мұғалім оқушының жаңа сөздерді меңгеруіне ықпал ететін әдіс-тәсілдерді, топтық, жұптық жұмыстарды беруі керек. Сабақтың соңында нәтижесін байқайды. Егер оқушылар жаңа сөздерді игермеген болса, ары қарай нақ осы лексикамен жұмыс жасауды жоспарлайды. Барлығы мұғалімнің қолында.

Әркімнің «сызықшаға» өз көзқарасы бар

«Мынау – не?» кейбір оқулықтарда сызықша арқылы жазылса, енді бірінде сызықшасыз жазылады. Қаншама филолог болса, сонша пікір бар. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Орынай Жұбаева бұл айлакер сызықшасыз жазуға болмайды, ол былай жазылады дейді: «Мынау – не?», «Сенің атың – кім?», «Бұл менің – ойыншығым». Филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздық ғылыми еңбектерінде: «Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады». Сондықтан «Сенің атың – кім?», «Менің атым – Қожа» деген сөйлемдерге сызықша қойылуы керек.

Ал Байтұрсынов атындағы институттың мамандары сызықша қоюдың қажеті жоқ екеніне сенімді. Бұл пікірді бұған дейін филолог Жанболат Шәкім мен журналист Қайнар Олжай да қолдаған.

Баспада бұл жағдайдан шығудың жолы бар ма? Әрине бар.

Жоғарыда 2 сыныптың «Қазақ тілі» оқулығының 4 және 9 беті

Оқулықтағы тыныс белгілері ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы» атты ғылыми еңбегінде дәлелденген қағидаларға негізделген, сондықтан олар «дөрекі грамматикалық қателер» бола алмайды!

Баспа «біз кейбір қателерді жөндей аламыз» деп мәлімдеді.

- Бірақ оқулықты толықтыруға құқымыз жоқ. Қосымша тираж түзетулермен шығады. Баспа оқулықтарды ҚР БжҒМ №344 бұйрығының негізінде, белгіленген мерзімде басып шығарады, - деді баспа үйі.

Ал сызықшаға байланысты сұраққа келетін болсақ, бұл – ғылыми ортада әлі шешімін таппаған мәселе. Академик Р.Сыздықтан кейін қазіргі қазақ пунктуациясына арналған еңбек шыққан жоқ. Ғалымдар ортақ шешімге келген жоқ.  

Ғалымдар ортақ шешімге келгенше, Көкжиек-Горизонт баспасы басқа да дүниелерді ойлап жүр:

«Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқытудың жалпы жүйесі жеткілікті деңгейде жасалмаған. Осыған байланысты мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары арасында тілдерді оқытуда сабақтастық жоқ. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілді оқыту сапасына әсер етеді. Соның салдарынан мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының түлектері қазақ тілін тиісті деңгейде меңгермейді», делінген құжатта.

Ал біз филологтардың ортақ пікірге келуін күтпей, енді қазақша сөйлеуді өз мойнына алғандарға көмектесуді жөн көрдік. Сондықтан оқулықтардағы қателіктерді көрсетуге батылдық танытқан Байсақов ұстазға алғысымыз шексіз. Orda.kz редакциясы қазақша сөйлейтін де, тек енді үйреніп жатқан да академик немесе ұстаз болсын, бұл мәселенің білгірі бола алады деп ойлаймыз. Мәселен, қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсынов оқулық мәселесі көне, әрі таусылмайтын, тіпті соңғы кездері байқалмай жүрген тақырып екенін алға тартты.

Суретте Ермек Тұрсынов/ kino.mail.ru

Оқулықтарды мұғалімдер жазбайды

- Бұл мектеп оқушыларына арналған оқулықтар туралы бұрыннан айтып келе жатырмыз. Ол бітпейтін тақырыпқа айналып кетті. Жыл сайын қателер мен кемшіліктері шығып жатады. Бұрыннан бері осы оқулықтардың сапасын өзгерте алмай келе жатырмыз. Мен бұл әңгімеден шаршап жүрген адаммын. Ол тіпті ескерілмейтін бір тақырыпқа айналып кетті. Оны ешкім расымен де жөндеп те жатқан жоқ. Бұл ауа райы сияқты болып кетті. Бүгін бұлт шықты, ертең қар жауды дегендей әңгіме етеміз. Оқулық тақырыбы – сондай тақырыптың бірі. Оқулықтағы кішкентай қатенің өзі орыс тілді баланың қазақ тілін меңгеруіне сөзсіз әсер етеді. Мына 30 жылдың ішінде үш мектеп бітіруші түлектер шықты. Олардың білім сапалары жылдан жылға төмендеп барады. Ол осының әсерінен деп ойлаймын. Онда білім сапасының төмен болуын мұғалімдерден көрудің қажеті жоқ. Мұғалімнің де қатысы бар, бірақ негізі оқулықтарды мұғалімдер жазбайды ғой.

Ешкім өзінің қатесін мойындағысы келмейді. Кім кінәлі? Соны іздеп жатыр. Ал мәселе онда емес қой. Мәселе қатені жөндейміз ба – сонда. Жөндейік, ағайын. Сендер кінәлі, олар кінәлі дегенше, сол қатені түзейік. Ол жағынан ешкімнің басы қатып жатқан жоқ. Кім кінәлі соны іздеп жатыр, - деді Ермек Тұрсынов.

Orda.kz редакциясы мұнымен бұл тақырыпқа нүкте қоймайды, болашақта да оқушылардың қандай оқулықтармен білім алып жатқанын өз бақылауында ұстайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар