Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай президенттердің қатарында тұр
Фото: ашық дереккөздерден
Нұрсұлтан Назарбаев бар дәулетінің өзі 1–2 миллиард доллар көлемінде бағаланатын санаулы бұрынғы мемлекет басшыларының бірі, деп хабарлайды Orda.kz.
Brand Vision агенттігі әлемдегі ең бай ел басшыларының тізімін жариялады. Басылымның хабарлауынша, Назарбаев Қазақстанды отыз жыл бойы басқарған. Ол билікте отырған кезде мемлекеттік активтерге ықпал етіп, отбасы мүшелері арқылы банк, жылжымайтын мүлік және энергетика салаларында елеулі үлеске ие болған. Оның қаржысы шетелдегі активтермен де байланыстырылады. Алайда Қазақстанда бұл мәліметтер бойынша ресми ашық тергеулер жүргізілген жоқ.
Британдық және америкалық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйенсек, Назарбаевтың байлығы саяси ықпал мен отбасына тиесілі кәсіптердің ұштасуы нәтижесінде қалыптасқан. «Transparency International» сияқты ұйымдар оның жақын туыстарының ұлттық компаниялар мен қаржы құрылымдарындағы рөліне бірнеше рет назар аударған.
Ресей президенті Владимир Путин бұл тізімде бірінші орында тұр. Ресми деректерге сәйкес, оның жылдық табысы 200 мың доллардан аспайды. Дегенмен зерттеу материалдары оның жасырын байлығы 200 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін екенін алға тартады. Бұл қаражат офшорлық активтер, энергетика секторындағы үлестер мен элиталық жылжымайтын мүлік арқылы жиналған болуы мүмкін.
АҚШ президенті Дональд Трамп саясатқа келмей тұрып-ақ миллиардер атанған санаулы көшбасшылардың бірі. Оның байлығы жылжымайтын мүлік, лицензиялық келісімдер мен тележобалар арқылы қалыптасқан және 5,1 миллиард доллар деп бағаланады. Президенттік кезеңінде бизнесін толық тоқтатпағаны үшін сынға ұшыраған.
Әлемдегі басқа миллиардер көшбасшылар кімдер?
- Хассанал Болкиах, Бруней сұлтаны және премьер-министрі – 50 миллиард доллар. Байлығы мемлекеттің мұнай-газ қорына негізделген.
- Мохаммед бин Рашид әл-Мактум, БАӘ премьер-министрі – 20 миллиард доллар. Табысын жылжымайтын мүлік және Dubai Holding арқылы жинаған.
- Сильвио Берлускони, Италияның бұрынғы премьер-министрі – 7–8 миллиард доллар. Mediaset пен Fininvest медиа-конгломераттары арқылы байыған.
- Себастьян Пиньера, Чилидің бұрынғы президенті – 2,7 миллиард доллар. Авиакомпаниялар мен қаржы секторындағы инвестициялар арқылы табыс тапқан.
- Мұхаммед VI, Марокко королі – 2,1 миллиард доллар. SNI арқылы банк, тау-кен және сауда салаларын бақылауда ұстайды.
- Махатхир Мохамад, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі – 3–5 миллиард доллар. Байлығы отбасымен байланысты кәсіптер мен мемлекеттік келісімдер арқылы жиналған.
- Таксин Чинават, Таиландтың экс-премьері – 1,6 миллиард доллар. Телекоммуникация саласында бизнес жүргізіп байыған.
Жаңалықтар
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты