Нұрлан Сабуровтың Ресейге оралуына мүмкіндік бар — заңгер
Фото: Нұрлан Сабуровтың инстаграм парақшасынан
Стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресей саясатына қатысты ұстанымын көпшілік алдында өзгерткен жағдайда Ресейге кіруге салынған тыйымды алып тастай алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Мәскеу және Мәскеу облысындағы құқықтық тәртіп орталығының жетекшісі, заңгер Александр Хаминский мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Сабуровқа Ресей аумағына кіруге тыйым салу туралы шешімді сот тәртібімен даулауға ешкім кедергі келтірмейді. Ол әкімшілік талап-арызбен сотқа жүгініп, бұл шектеуді қайта қарауды сұрай алады. Алайда бұл жағдайда тыйым салуға негіз болған себептердің жойылғанын немесе бастапқыда мүлде болмағанын дәлелдеуі қажет. Осы орайда ең ықтимал әрі нәтижелі жол — Ресей саясатына қатысты өз ұстанымын жария түрде өзгертіп, содан кейін құзырлы органдарға тыйымды алып тастау немесе оның мерзімін қысқарту туралы өтініш беру», — деді заңгер.
Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салу туралы шешім оның Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық түрде сынауы, «антиресейлік мәлімдемелері», сондай-ақ көші-қон және салық заңнамасын жүйелі түрде бұзуы себепті қабылданған.
«Сабуровқа қойылған шектеу оның азаматтық-құқықтық мүмкіндіктерінен айырылғанын білдірмейді. Мысалы, ол Мәскеу маңындағы өзіне тиесілі коттеджді еркін сата алады. Мұндай әрекетке тек оның шетелдік агенттер тізіміне енгізілуі ғана кедергі болуы мүмкін», — деп атап өтті Александр Хаминский.
Ал заңгер Евгения Сабитованың айтуынша, Нұрлан Сабуров есептілікті уақтылы тапсырып, салықтарды дер кезінде төлеген жағдайда Ресей аумағындағы бизнесін жалғастыра алады.
Еске салсақ, екі күн бұрын ресейлік БАҚ белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуровтың 50 жылға Ресейге кіре алмайтынын мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Нұрлан Сабуров Қазақстанға оралды
- Әзілкеш Нұрлан Сабуров Ресейде миграциялық заңды бұзды деген күдікпен ұсталды
- БАҚ-та Нұрлан Сабуровтың шетелдегі жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат таралып жатыр
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды