Новороссийскіге ұшқышсыз шабуыл: Қазақстан мұнайының экспортына қауіп төніп тұр ма?
Фото: cpc.ru
17 мамырға қараған түні Ресей Новороссийск теңіз портына украиндық ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Новороссийск теңіз порты аймағында қазақстандық мұнайды экспорттайтын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандары орналасқан.
Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, 17 мамырға қараған түні Новороссийскіге «ондаған ұшқышсыз ұшақтар» шабуыл жасаған. «Новые известия» Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевке сілтеме жасап, құлаған ұшқышсыз ұшақтардың қалдықтары өртке себеп болды, «мұнай базасы мен теңіз порты зардап шекті» деп РБК хабарлайды.
КҚК терминалы Новороссийск қаласында орналасқан, ол арқылы қазақстандық мұнай тасымалданады. ҚР Энергетика министрлігі консорциум нысандарына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалмағанына және әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанына сендіруге асықты.
«КҚК нысандары Новороссийск теңіз порты жерінен бөлек орналасқан. Қазір барлық КТК нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр»,- деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.
Жаңалықтар
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды