Назарбаев қызметтен кетті екен деп жылаған жоқпын - Перуашев

cover

Азат Перуашев Назарбаев отставкаға кеткенде не себепті көзіне жас алғанын түсіндірді. Бұл туралы ол Qazaq Uni порталына берген сұхбатында айтты.

- Ер адамға тән жанарымнан жарты жас домалағаны - тұңғыш Президентке, не оның қызметінен кетуіне байланысты емес. Маған «90-шы жылдардың сіз үшін маңызы қандай?» деген жеке өміріме қатысты сұрақ қойылды. 90-шы жылдары біздің буынға оңай болған жоқ. Жақындарымызды жоғалтқан сәттер болды. Эмоцияға ерік бергенім содан. Екіншіден, ақылды адамдар идеяны талқылайды. Қалғандары өзгелерді сөз қылады. Мен идеяларды талқылап, оларды жүзеге асыруды жөн көремін. Егер біреу мені сөз еткісі келсе - бұл олардың өз еркі. Бірақ, «Ақжолдың» парламенттегі 10 жыл қызмеетіндегі бар кемшілігім осы бір эмоциям ғана болса, онда қалған істеріміз дұрыс екені сөзсіз. Ал, біз де адамбыз! - деп жауап берді Перуашев журналистерге берген сұхбатында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар