Назарбаев мектебінің 250 млрд теңгені далаға шашқаны белгілі болды
Фото: otyrar.kz
Мемлекет Назарбаев зияткерлік мектептеріне бес жыл ішінде 250 миллиард теңгені мақсатсыз бөліп отырғаны белгілі болды.
Бұл туралы жоғары аудиторлық палатасы хабарлады.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше министірлік бекіткен 3 мыңнан астам оқулықтың 67-і немесе 2 пайызы ғана НЗМ үлесіне тиеді. Яғни, ұйымның орта білім беру жүйесін дамытудағы әлеуеті толық емес. Бөлінген қаржының көлемі істің нәтижесімен сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, НЗМ жүзеге асырылмаған шараларды жоспарлағаны анықталды. 2019-2023 жылдарға орындалмаған шаралардың көлемі шамамен 8 млрд теңге болды. Сондай-ақ, үш жыл ішінде НЗМ 16,4 млрд теңге игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27 млрд теңгеден 55 млрд теңгеге дейін ақша артылып отырды.
Жалпы мемлекеттік аудит анықтағандай, 274,4 млн теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар, тиімсіз жоспарлау – 8,3 млрд теңге, тиімсіз пайдалану – 6 млрд теңгеге жуық, 134 рәсімдік және 30 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Бұл дегеніміз Ұлытау облысының бюджеті соңғы 5 жылда Назарбаев зияткерлік мектебіне бөлінген қаражаттан әлдеқайда төмен болғанын көрсетеді.
Тексеру нәтижесінде бір материал құқық қорғау органдарына жолданса, тағы 10 материал әкімшілік іс қозғауға жолданды.
Жаңалықтар
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін