Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды

cover Фото: gov.kz

2 наурызда басталған ҰБТ-ны 6 сәуірге дейін 179 мың талапкер тапсырды. Орташа балл 66-ны болса, ең жоғары нәтиже 140 баллға жеткен, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 75 пайызы тестті қазақ тілінде тапсырған. Орыс тілін таңдағандар – 25 пайыз, ал 157 адам ағылшын тілінде сынақтан өткен. 

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 179 мың оқушының 70%-ы шекті балл жиған. Ал орташа балл – 66 балл болған. Сонымен қатар, Наурыз ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 408 талапкер қатысты.

Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды. 

130 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болып тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 134 адам шығарылды.

ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға қосымша талдау жүргізіледі. Егер ереже бұзушылықтар анықталса, тест нәтижелері жойылуы мүмкін.

Айта кетейік, 184 мыңға жуық адам наурыз айында тестілеуден өтуге ниет білдірген еді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар