Нағыз «Тақиялы періште» дүниеден озды
Фото: бейнеден кадр
«Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ прототипіне негіз болған Сакко Қаратаев қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тақиялы періште» фильмінің желісі өмірде болған оқиғаға негізделген, тек кейіпкерлерінің аттары Тана емес Айнагүл, Тайлақ емес Сакко. Фильмге негіз болған оқиғаны Дархан Өмірбек Facebook парақшасында баяндап берді.
Журналистің сөзінше, Айнагүл апаның бір қызы режиссер Кәукен Кенжетаевқа тұрмысқа шыққан. Ал ол енесі мен қайын інісінің хикаясын режиссер Шәкен Аймановқа әңгімелеп берген.
Сакко — жеті баланың кенжесі. Айнагүл екі ұлын ұяға, төрт қызын қияға қондырған. Анасы жуас кенжесі үйленбей қала ма деп уайымдап, іске кіріскен. Айнекең, шапанын киіп, белін байлап, қолына таяғын алып, Сакконы жетектеп жолға, болашақ келін іздеуге шығады. Айнекең: «Трамвайға, не троллейбусқа мініп, қаланы айнала берсе, неге тәуір қыз кездеспес дейсің?» деп ойлайды. Трамвайда жай қарап отырмай, өзіне ұнаған қыз көрінсе, оны жанына шақырып алып: — «Қарағым, қайда оқисың, басың бос па, қай жердің қызысың?» деп сұрақ қоя бастайды. Көктен іздегені жерден беріп, тап үйдің іргесінде медицина училищесінің қыздарының жатақханасы бар екені Айнакеңнің ойына сарт ете қалады. Айнекеңнің ойы: «Ол қыздың көркемдік жағы жаман болмауы керек, ақылды, үлкендерді сыйлайтын болу керек, өзі және Ақмола облысынан болса тіпті жақсы. Міне, осы сын көзінен өткен Саккоға әйел бола алады»
Алайда қанша тырысса да, келін таппайды.
Айнагүл ауырып, басының сақинасы ұстап, төсек тартып жатып қалады. Бір күні Сакконың даусы қатты дауыстап, үйге кіріп келеді. Келін әкеліпті. Келін Айнакең іздегендей, дәл ойынан шығады. Қатты қуанып, ағайындарды шақырып, дереу той да өтеді.
Шәкен Айманов бұл әңгімені естігенде қатты күліп, көп ұзамай «Тақиялы періште» атты фильмін түсіре бастады.
«Осылайша, менің әкем мен апам сүйікті фильмнің басты кейіпкерлерінің прототипіне айналды. Апам арманына жетті, ол 94 жасында дүниеден озды, ол кезде мен 17-де едім. Мен оның ең жақсы көретін ұлы — Періштенің ең сүйікті немересі едім», - деп айтыпты Әлия Балапанова.
Қаратаев Сакко Бейсекұлы 1 ақпан күні 88 жасында ақтық сапарға аттанды.
Жаңалықтар
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан