Нұрсұлтан Назарбаев күрделі ота жасатқанын айтты

cover

Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде берген сұхбатында омыртқасына ота жасатқаны туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

 — Қазір бұрын ешқайда айтпаған дүниені айтайын. Мен омыртқама, беліме ота жасаттым, өте күрделі ота. 8 наурызда (2011 жыл) концертте отырғанбыз. Концерт бітті, орнымнан тұрдым. Бітті, аяғымды баса алмаймын. Бірдеңе болды. Күзет офицерін шақырдым да, «қасыма тұр» дедім. Адамдар байқамауы үшін оның қолынан таяқ ұстағандай ұстап алып жүрдім. Зал лық толы. Міне, осылай болды, - деді Назарбаев.

Тұңғыш президент осы жағдайдан кейін емделуге тура келгенін, білікті хирург кездескенін жеткізді. Сондай-ақ, осы жағдай маңызды шешім шығаруға сеп болғанын да айтты.

— 2011 жылы болатын. Одан кейін де емделуге тура келді, ол күрделі ота еді. Маған тәжірибелі, жақсы хирург кездесті. Бұл да маңызды шешім шығаруыма себеп болды. Бұл туралы ешқашан айтқан емеспін. Мұны қалай айтамын және қалай жұмыс істеймін? Кету керек. Бірақ кетуге дайын болмадым, өйткені ізбасар мәселесі шешілмеген болатын, - деді Назарбаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар