«Мүрдесі қоқыс жәшігінен табылды»: Ақтауда әйел биіктен құлап мерт болды

cover Фото: freepik.com

Ақтауда бір әйел 8-қабаттан секіріп кеткен. Оның денесі тұрғын үй кіреберісінде орналасқан қоқыс жәшігінен табылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға 29 шілде күні сағат 19:00 шамасында болған. 27-ші шағын аудандағы 4-үйде жоғары қабаттардың бірінен әйел құлап, қоқыс жәшігіне түскен. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің полиция қызметкері болғаны туралы ақпарат тараған еді. Ведомствоның мәліметінше, марқұм құқық қорғау органының қызметкері болмаған.

Айта кетейік, Ақтауда 5 баланың әкесі суға батып бара жатқандарды құтқарамын деп өзі суға батып, қайтыс болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар