Мыңдаған алматылық «Реалды» қарсы алды: әуежай мен қонақүй алдында ұзын-сонар кезек
Фото: Orda.kz
Алматыда «Реал Мадрид» ойыншыларын көруге мыңдаған жанкүйер жиналды – әуежайдан бастап қонақүйге дейін халық легі үзілмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылықтар Еуропаның ең атақты клубтарының бірін ерекше қуанышпен қарсы алып жатыр. Қалада футбол мерекесі көрініс тапты. Алматы әуежайының маңында қолдарына мерч пен жалауша ұстаған жастар «Қайрат» деп ұрандатуда. Әр он қадам сайын қауіпсіздік шараларына жауапты полицейлер тұр. Алайда жанкүйерлер спортшыларды көре алған жоқ. «Реал» футболшылары әуежайдан бірден дайын тұрған автобусқа отырып қонақүйге бет алды.
Жанкүйерлердің көптігі сонша, ұзын-сонар кезек пайда болды. Сонымен қатар, алматылықтардың бір бөлігі «Реал Мадрид» футболшылары орналасқан «InterContinental» қонақүйінің алдына жиналды. Келген жұртшылық бұл жерден де футболшыларды алыстан ғана сығалап көргендері болмаса, анық көру мүмкін емес болды. Жалпы бұл рейсті Flightradar24 дерегінше, онлайн 22 мыңнан астам адам бақылаған.
Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Алматының «Қайратына» қарсы өтетін сыртқы матчқа арналған құрамын жариялады.
Сондай-ақ, күні кеше мадридтік «Реал» «Атлетикоға» ірі есеппен есе жіберді. «Метрополитанода» өткен алтыншы тур ойыны 5:2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғаш рет өз алаңында Еуропаның ең мықты клубтарының бірін қабылдайды. Билеттер ресми түрде 23 қыркүйекте небары төрт сағат ішінде сатылып кетті.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран