Мұрат Әбділдә түрмеден тіл қатып, ісіне өкінетінін мәлімдеді

cover Фото: Бейнеден кадр

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір ұйымдастырылды. Бейнелердің бірінде кезінде әлеуметтік желіні шулатқан Мұрат Әбділдә бой көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотты болған Мұрат Әбділдә оқушыларға үндеу жасады. Ол жастарға ақылын айтып, теріс мінез-құлықтың арты жақсылыққа апармайтынын ескертті. 

«Пенде болғаннан кейін бәріміз қателесіп жатамыз. Бірақ не айтып жатырмын деп ойланып сөйлеген дұрыс екен. Түзеу мекемесінде жазамды өтеп жатқан себебім, кезінде білесіздер ішімдіктің кесірі болды. Өз қателігімді мойындаймын», — деді ол. 

Мұрат Әбділдә әр басқан қадамды аңдып, ауыздан шығатын әрбір сөзді пайымдап сөйлеу керегін айтты.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша сотталған. Былтыр ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін, колонияға қайта жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар