Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін

cover Фото: primeminister.kz

20 наурызда вице-премьер Қанат Бозымбаев Қазақстанда әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауына байланысты жалақыны индексациялау мүмкіндігі пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл мұнай-газ секторындағы табыстың өсуі есебінен жүзеге асуы ықтимал, соның нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін кірістер де артады. Алайда қаражаттың едәуір бөлігі Қазақстан Ұлттық қоры бағытталады.

Бұл бюджет кірісіне әсер етіп, жалақыға қатысты шешімдер қабылдауға жағдай жасайды, деп атап өтті ол.

«Бірақ әзірге алдын ала қорытынды жасауға ерте, өйткені бәріміз Таяу Шығыстағы қақтығысты бақылап отырмыз. Егер ол реттелсе, баға тез қайта төмендеуі мүмкін», — деп ескертті Бозымбаев. 

Мұнай бағасы өскен кезде салық түсімдері де көбейеді, соның ішінде экспорттық баж салығы да бар.

Еске салсақ, Ормуз бұғазы маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдар мен Иранмен соғыс аясында мұнай нарығындағы баға саясаты күрт өзгеріп, әлем жағдайдың қалай болатынын аңдып отырғаны рас.

Тақырыпқа сай ұсынамыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар