Моңғолия астанасындағы жаппай наразылық белең алды
Фото: News․mn
Моңғолия астанасында шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін және парламенттің таратылуын талап етуде, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті News․mn басылымына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар «Бостандық альянсы» партиясы түтін басуы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, кептеліс және салықтар сияқты өзекті мәселелерді шеше алмағаны үшін үкіметті отставкаға жіберуге шақырды.
Сонымен бірге олар қазіргі билік өкілдерімен сындарлы диалог жүргізуден және олардан «кез келген түсініктемелерді» қабылдаудан бас тартты.
Наразылық акциясы кеше түсте Ұлан-Батордың бас алаңында бейбіт пикет ретінде басталғанымен, кешке қарай мыңнан астам адам қатысқан шеруге ұласты.
Шерушілер қаланың негізгі жолын жауып, бірнеше сағат бойы қоғамдық көлікті жүргізбей тастады. Наразылық акциясы орталық алаңнан бөлек парламент ғимаратының жанында да өтті.
Бір топ белсенді мемлекет сарайының маңында Шыңғыс хан мүсінінің алдында да жиналды. Наразылық білдірушілер сарайға басып кіруге тырысты, бірақ арнайы жасақ «оны қорғап тұр».
Ал, жұртшылық наразылардың әрекетін айыптап, бейбіт акцияға көшуге шақырды.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы