Меркідегі балалардың улануы: полиция қылмыстық іс қозғады

cover Фото: Depositphotos.com

Жамбыл облысының Меркі ауданында 10 бүлдіршін уланып ауруханаға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Дәрігерлер 9 балаға жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирус диагнозын қойды. Балалардың улануына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Аурудың шығу себебі анықталып жатыр. Бөбекжай екі күнге жабылды. 

Жамбыл облысы ПД сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Қылмыстық іс 304 - бап (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қаралуда. Полиция улану белгілері бар барлық бала медициналық және психологилық көмек алатынын айтты. 

Еске салайық, оқиға кеше, 17 наурызда болған. Уланған 10 баланың біреуі реанимацияда жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар