Мемлекеттік құпияны білетін қызметкерлердің жалақысын көтеру ұсынылды

cover Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпиямен айналысатын мамандардың жалақысын көтеруді ұсынды. 

Бастама «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

Ұсыныс бойынша «Техникалық ақпарат қауіпсіздігі және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандарының базалық жалақысын 25 пайызға арттыру жоспарланып жатыр. Бұл қызметкерлер тұрақты түрде мемлекеттік және қызметтік құпиялармен, сондай-ақ, қатаң құпия құжаттармен де жұмыс істейді.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпиямен, өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарға базалық лауазымдық жалақыны 25%-ға көтеру көзделген» деп жазылған құжатта.

 Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңестер 24 шілдеге дейін жалғасады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар