Мемлекет басшысы Эстония президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

cover Фото: Ақорда

Құттықтау жеделхатында президент Алар Каристің өткен жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.  

Сонымен қатар бұл сапар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға жол ашқаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония басшысына жауапты қызметінде табыс тілеп, достас эстон халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар