Медициналық рейс жасаған ұшақ шұғыл суға қонуда мәжбүр болды

cover Фото: Envato

Көлік министрлігі Арқалық-Ақсұңқар бағытында санитарлық рейс жасаған Ан-2 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін биіктігін күрт төмендетіп, су бетіне «қонғанын» хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 3 мамырда миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдауға өтініш түскенін айтты.

«Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болған. Олар Арқалық қалалық ауруханасына эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша,  зардап шеккендер жоқ» делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Ведомстводағылар апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылғанын хабарлады. Себептері мен жағдайлары нақтыланады.

«Алдын ала себептер бойынша, қатты жел салдарынан санитарлық авиация әуеге көтерілу кезінде аударылып қалды. Науқас жарақатсыз Арқалық аудандық ауруханасына жеткізіліп, емін жалғастыруда. Санитарлық авиация бригадасының мүшелері зардап шеккен жоқ, олар аурухана медицина қызметкерлерінің бақылауында» деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар