Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды
Фото: Кремль
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында мемлекеттік құпияға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңмен реттеу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ұсынысқа Нұрсұлтан Назарбаевтың Кремльде Владимир Путинмен өткізген жұмбақ жүздесуі себеп болған.
Депутаттың пайымдауынша экс-президент, министрлер мен өзге де лауазымды тұлғалар иеленген мемлекеттік құпиялар ел қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан олардың шекара асуына құқықтық тосқауыл қою қажет. Бәпи халықаралық тәжірибеге, соның ішінде Қытайдың шектеу шараларына сілтей отырып, Қазақстанның да осындай заңға мұқтаж екенін алға тартты.
«Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте бұл тіленшектік Қазақстанға, қазаққа қарайлас қарекет емес, әдеттегідей тойымсыз жеке бастың қамы болса керек! Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет шығар», – деп мәлімдеді Ермұрат Бәпи.
Ермұрат Бәпи бұрынғы президент Назарбаев пен Қайрат Қожамжаров сияқты тұлғаларға қатысты «шекаралық бақылау» орнатуды ұсынды. Оның айтуынша экс-президенттің Мәскеуге сапары елдің мемлекеттік билігі мен Қазақстан халқына сес көрсету болуы мүмкін.
«Ал бұған және Қожамжаров сияқты басқаларға елдің қауіпсіздік қамына орай күнібұрын шекаралық «қызыл жалауша» қоюға болмай ма? Бұл қабылдаудың саяси мазмұнын Кремль қалай қабылдайтынын қайдам, ал экс-президенттің ішіндегі «қызыл иті» елдің мемлекеттік билігі мен Қазақстан халқына сес көрсетуі деп түсінеміз бе» деп жазды депутат өз парақшасында
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде кездескен еді. Тараптардың қандай мәселені талқылағаны туралы ресми ақпарат жарияланбады.
Жаңалықтар
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды