Мас күйінде көлік айдаған судьяны жұмысынан босатылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Шешім 22 қаңтар күні қабылданды. Сот алқасы Әсел Досаеваның судьялық этиканы бұзғанын мойындап, оны лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жазаны қолданды, деп хабарлайды Orda.kz.

Досаеваның ұсталғаны туралы 2025 жылдың қараша айында белгілі болған еді. Астаналық полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде Mazda автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтаған болатын.

ІІМ оқиға 1 қарашада сағат 04:30 шамасында «Хан Шатыр» СОО маңында болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, судьяның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен көлікті басқарғаны да анықталды.

2026 жылдың 6 қаңтарында сот Әсел Досаеваны кінәлі деп танып, 200 АЕК - 786 400 теңге айыппұл салды. Оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сот шешімі сол кезде заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Шымкентке ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, жедел-тергеу тобы құрылған. Бойжеткеннің өліміне қатысты «Некеге тұруға мәжбүрлеу (125-1)» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар