Марқұмның туыстары Әнелге жеңіл жаза қолдануды сұрады

cover Коллаж Orda.kz

 26 маусымдағы жол апаты үшін сотталған Әнел Сартаеваға жақындары жеңіл жаза беруді сұрады. Ал 2 маусымда аппеляциялық ұсыныс қаралады.

Бұл туралы Қанат Әлсейітов өз instagram парақшасында жариялады.

«Алматы қалалық соты таңдаған бұлтартпау шарасымен келіспеу туралы жеке шағымымды ертең қарайтын болды» деп жазды Қанат Әлсейітов  өз instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Әнел абайсызда жол апатын тудырғанына  өкініп, бар кінәсіп мойындап отыр. Ол тергеу органдарынан жасырынуға тырыспай, оқиға орнында болған кезде жәбірленушілер мен полиция қызметкерлеріне материал дайындауға көмектескенін адвокаты айтты.

 «Марқұм жігіттің туыстары қайғысына қарамастан, түсіністікпен қарап, оған жанашырлық танытып, ешқандай шағымдары жоқ екенін айтып арыз да жазды», — деді адвокат.

Қаза болған жігіттің туыстары Әнелге жаны ашып, еш айып тақпайтыны жайлы арыз жазды. Адвокаттың сөзінше марқұмның туыстары Әнелдің қамалғанын қаламайды, мейлінше жеңіл жаза қолдануды сұрап отыр. 

Еске сала кетейік, біз бұл жағдай туралы мақала жазған болатынбыз. Мақалада  психосарапшы Анна Құдиярова балаға бұл жағдай қалай әсер ететінін және жол апаты себептерін саралап көрді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар