Маңғыстауда 13 жастағы өгей қызын зорлады деп күдікке ілінген ер адам өзін атып тастады

cover Фото: freepik.com

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жергілікті тұрғын өзіне оқ атты. Оның мәйітінің жанынан аңшы мылтығы табылған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл деректі облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның хабарлауынша, 24 қаңтар күні «102» пультіне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, заңсыз әрекеттерді қыздың өгей әкесі жасаған. Ал ер адам өзін атып өлтіріпті. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, Қаскелеңде ер адам жуырда ажырасайын деп жүрген әйелін анасымен қоса ұрып-соққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар