Маңғыстау облысында итбалықтар қырылды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Маңғыстау облысында Каспий итбалықтарының жаппай қырылуы тіркелді. Өлекселердің жалпы саны 112-ге жетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Балық инспекциясы басқармасы мен басқа да мамандар жүргізген мониторинг кезінде Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі аралықта итбалықтардың өлекселері табылды.

Оның 39-ы Асан мен Форт-Шевченко арасындағы жағалаудан, ал 73-і — Форт-Шевченкодан Баутино мүйісіне дейінгі аумақта анықталған. Тұрғындар қырылған жануарлар туралы билікке хабар берген.

Маңғыстау облыстық балық инспекциясы өкілдері мен өзге де құзырлы органдар оқиға орнына барып, жағдайды тексерді. Экологтар теңіз суынан сынама алып, зерттеу жүргізіп жатыр.

Мамандар балықтардың не себепті қырылғанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, биыл мамырда Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының маңынан 70 өлі итбалық табылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар