Лос-Анджелесте жойқын өрт: жел өртті өршіте түсті, құрбандар саны өсуде
Фото: pixabay.com
NBC News арнасының хабарлауынша, Лос-Анджелесте қаза тапқандар саны 16 адамға жеткен. Сенбі күні жел бағытын өзгертіп, жалынды шығысқа, Брентвуд пен Энсиноға қарай айдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Лос-Анджелестің алты аймағында жойқын өрт 37 мың акр (15 мың гектарға жуық) жерге тарап, бүкіл елді мекен мен 12 мыңнан астам ғимаратты қиратты.
Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна кем дегенде 13 адам із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеді. Хабар-ошарсыз кеткендердің өртке қатысы бар-жоғы белгісіз.
Ал, куәгерлердің айтуынша, қала үстін өрттің қою түтіні басқан.
Los Angeles Times газеті осы аптада Лос-Анджелестің бір бөлігін жайпаған ең ауқымды орман өртінің сенбі күні жел әсерінен бағытын өзгерткенін жазды.
Қаланың батыс шетіндегі Палисейдс ауданындағы өрт қазір Брентвуд пен Сан-Фернандо алқабы етегіне қарай жылжуда. Жергілікті билік эвакуация туралы кезекті бұйрық шығарды. Өрт сөндіру бөлімдері қызу жұмыс істеп жатыр.
Жел бағытын өзгерткенге дейін өрт сөндірушілер Палисейдс пен Итон аудандарында өртті ауыздықтауда барысы туралы хабарлады. Palisades өрті жұмаға қараған түні 8%, ал Итон өрті 3% болды, деп хабарлайды Cal Fire мемлекеттік агенттігі.
Ұлттық ауа райы қызметі Лос-Анджелес аймағындағы жағдай демалыс күндері жақсаруы керек деп мәлімдеді, жел жылдамдығы 30 шқ/сағ дейін төмендейді, бірақ желдің жылдамдығы келесі аптаның сейсенбісінде қайтадан күшейеді, деп хабарлады Америка дауысы.
Қою, улы түтінге байланысты жергілікті билік те төтенше жағдай жариялады. Өрт кезінде ауаға металдардың, пластмассалардың және басқа да синтетикалық материалдардың түтіні тараған.
Лос-Анджелес шерифі Роберт Луна іздеу-құтқару операциясы барысында құрбандар саны арта түскенін айтты.
Калифорнияның бірқатар аудандарында тонаушылар әрекет ете бастады. Олармен күресу үшін полиция зардап шеккен аудандарда сағат 18:00-ден 6:00-ге дейін коменданттық сағат енгізді.
«Зардап шеккен аймақтарда қалуға рұқсат етілмейді. Егер кімде-кім ол жерге барса, бірден қамауға алынады. Бұл коменданттық сағат қатаң түрде орындалады», - деді шериф Роберт Луна.
«AccuWeather апаттан келген шығын мен экономикалық шығынды 135-150 миллиард долларға бағалады, президент Джо Байден Лос-Анджелестегі өртті үлкен табиғи апат деп жариялады және АҚШ үкіметі алдағы алты ай ішінде қалпына келтіру шығындарының 100 пайызын өтейтінін айтты» деп жазды Америка дауысы.
Калифорнияда 73 қазақстандық, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының 56 қатысушысы және «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасының 17 тағылымдамашысы бар. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қазақстандық студенттерге қауіп жоқ екеніне сендірді.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы