Қызылордада деструктивті материалдар жариялаған ер адам ұсталды

cover

Дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды жариялаған Қызылорда тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған деструктивті діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар