Қызылордада 10-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жықты
Фото: gov.kz
Қызылордада №198 мектептің 10-сынып оқушысы Олег Кимді мектеп дәретханасында бірнеше оқушы ұрып-соқты. Анасы баласының құқығын қорғап, әділдік іздеп жүр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 8 қазан күні таңертең №198 орта мектеп дәретханасында болған. Жанжалдан бір күн бұрын «Күзгі бал» байқауының чатында Олег пен басқа сыныптың оқушысы арасында кикілжің туындаған. Келесі күні мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соққан.
Олегтің анасы Наталья Кимнің айтуынша, баласын алты мектеп оқушысы жабылып, ұрып-соққан. Алайда полиция хаттамасында төбелес «екеуара жанжал» деп көрсетілген. Тергеуші әлі күнге дейін соққыға жығылған баладан жауап алмаған. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама да тағайындалмаған.
Олегтің анасы баласының екі жерден жақ сүйегі мен мұрны сынғанын, миы шайқалғанын айтады. Қазір оқушы ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оған ота жасап, жақ сүйектерін уақытша темірмен бекіткен. Анасы әділ тергеу болып, кінәлілердің жазаланғанын қалайды.
Айта кетейік, Алматыда есту қабілеті нашар таксисті бейнеге түсірген блогер елден кешірім сұрады.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы